Астана әкімі елордада LRT құрылысы қашан аяқталатынын айтты

Астананың жаңа әкімі Жеңіс Қасымбек LRT жобасы алдағы жылдары аяқталатынына уәде берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы ол Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы аяқталғаннан кейін айтты. “LRT аяқталады. LRT екі-үш жыл ішінде аяқталады. Қаржыландыруға байланысты”, – деді Қасымбек.