Астана тұрғыны теракт жасауға дайындалған – ҰҚК

Астана тұрғыны теракт жасауға дайындалғаны үшін 15 жылға сотталды, – деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті. ҰҚК мәліметінше, елорда тұрғыны “Ш”-ға қатысты Астана Сарыарқа аудандық сотының шешімі заңды күшіне енген. “Сот оның терроризм актісіне дайындалу, террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды даярлау, сонымен қатар, терроризмді, билікті басып алу және ұстап тұруды, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді насихаттау деректері бойынша кінәсін дәлелдеді”, – делінген хабарламада. Ол 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Астана қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық алқасымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылған.