Астанада кәмелетке толмаған баланы зорлады деген автобус жүргізушісі 17 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды қалалық сот. 3 қарашада Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды. “№1 автопарктің жүргізушісі бола тұра, дәрменсіз жағдайын пайдаланып, автобус салонында кәмелетке толмаған жәбірленуші зорлаған. Қылмыскердің кінәсі сотқа дейінгі іс жүргізу барысында кәмелетке толмаған жәбірленушінің тұрақты айғақтарымен, соттағы айғақтармен дәлелденген”, – делінген хабарламада.