Оралда өгей қызын зорлаған әке 20 жылға сотталды

Оралда өгей қызын зорлаған әке 20 жылға сотталды. Бұл туралы облыстық сот хабарлайды. Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат жас баланың дәрменсіз күйін пайдаланып, сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Орал қаласының тұрғыны 2008 жылы туған өгей қызына сексуалдық сипатта зорлық-зомбылық жасаған. Оның кінәсі жәбірленушінің және заңды өкілдің, куәлардың, сарапшылардың айғақтарымен және сараптама қорытындысымен дәлелденген, Сот қылмыскерді 20 жылға соттады — делінген хабарламада. Заңды өкілдің талап арызы ішінара қанағаттандырылып, сотталғаннан 7 000 000 теңге мөлшерінде моральдық өтемақы өндірілді.