Астанада LRT жеңіл рельсті көлік жүйесіндегі құрылыс қайта жанданды

Қала әкімі Жеңіс Қасымбек осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, жыл аяғына дейін елорданы дамытудың 2035 жылға дейінгі жаңа бас жоспары қабылданады. Онда тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға баса назар аударылады. “ЛРТ жобасын екі жыл ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз. Биыл ұзындығы 50 шақырымға тең 72 көшеде құрылыс-жөндеуді жүргізіп, Тәуелсіздік көпірінің құрылысын аяқтаймыз”, – деді Жеңіс Қасымбек.