ТЖД Астанадағы жарылыстың алдын ала себебін атады. Елордадағы “Хан шатыр” сауда үйі маңында салынып жатқан тұрғын үй кешенінде бірқатар жарылыс болған еді. Үш газ баллоны жарылғаны анықталды, сондай-ақ 15 рулон шатыр материалы жанған. Өрт сөндірушілер өртті ауыздықтады. Өртті сөндіруге Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 19 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды”, – деді ТЖД өкілдері. Астана денсаулық сақтау басқармасы оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ екенін растады.