Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешенінде жарылыс болды.

ТЖД Астанадағы жарылыстың алдын ала себебін атады. Елордадағы “Хан шатыр” сауда үйі маңында салынып жатқан тұрғын үй кешенінде бірқатар жарылыс болған еді. Үш газ баллоны жарылғаны анықталды, сондай-ақ 15 рулон шатыр материалы жанған. Өрт сөндірушілер өртті ауыздықтады. Өртті сөндіруге Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 19 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды”, – деді ТЖД өкілдері. Астана денсаулық сақтау басқармасы оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ екенін растады.