Қазақстанда “шетелдік агенттер” пайда бола ма

Қазақстанда “шетелдік агенттер” пайда бола ма
Вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шетелден қаржыландырылатын ұйымдарға “шетелдік агент” деген статус беріле ме деген сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, қолданыстаңғы заңнамада “шетелдік агент” ұғымы жоқ. “Қаржыландыру көздерін бақылауды қарастыратын норма бар. Егер әлдекім шетелден қаржыландырылса, онда декларация тапсырсын, басқа ештеңе қажет емес”, – деді министр. Айта кетері, 2022 жылы Салық кодексінің 29-бабына түзетулер енгізілді. Оған сәйкес, мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік көздерден ақша немесе басқа да мүлік алған тұлғалардың тізімін жариялайды.