Астанадағы 76 нысанда құрылыс тоқтатылды

Өйткені ол нысандарда құрылысқа рұқсат құжаттары жоқ. Сонымен қатар, олар әкімшілік жауапқа тартылды. Айта кетейік, қала тұрғындарын ақпараттандыру және заңның бұзылуына жол бермеу мақсатында әкімдіктің ресми ресурстарында және БАҚ-та үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың “қара тізімі” жүйелі түрде жарияланып тұратын болады.