Елордадағы Kaspi филиалында адамдарды кепілге алған ер адамның денесі мен қолында жарылғыш зат болған. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты. “Қазір бұл заттар сараптамаға жіберілді. Олардың қаншалықты белсенді жарылғыш құрылғы немесе пішін екенін – сараптама анықтайды”, – деді ІІМ басшысының бірінші орынбасары.