Қасым-Жомарт Тоқаев мемқызметшілер мен полицейлерді құттықтады.

Президент Мемлекеттік қызметші күніне және Полиция күніне орай Twitter-парақшасында құттықтау жариялады. “Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір қызметшінің отаншыл, адал болуы және өз ісіне жауапкершілікпен қарауы өте маңызды. Сіздер ел игілігіне қызмет етудің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін”, – деп жазды Президент.