Оның ішінде екеуі бала. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 19 маусымнан бері елордадағы Қорғалжын тас жолы мен Қосшыға қарай баратын айналма жол арасында қураған шөп пен қамыс өртеніп жатыр. “Көмекке жүгінген науқастарда бас айналу, жүрек айну белгілері болды. Оларға амбулаториялық деңгейде уақтылы медициналық көмек көрсетілді. Қазір 14 жасар бала ауруханада ем алып жатыр, жағдайы тұрақты”, – деді Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.