Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы айтты.

“Бүгінде барлық белгіленген борыштық келісімдер сақталып отыр. Мемлекеттік қарыз ЖІӨ-нің 25 пайызынан аз болады”, – деді Жамаубаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында. Ол Жоғарғы аудиторлық палатаның (ЖАП) қабылданған міндеттемелердің ашықтығы мен айқындылығын арттыру жөніндегі бастамасын қолдайтынын айтты. Олар жұмыс барысында ескерілетіні хабарланды. Премьер-Министр алдағы уақытта мемлекеттік қарыз деңгейі қауіпсіз деңгейде болады деді.