Қазақстан футболшылары жеңісін Абай облысының тұрғындарына арнады.

Ұлттық құраманың қорғаушысы Абзал Бейсебеков Солтүстік Ирландиямен болған кездесуден кейін ойын туралы пікірін білдірді. Ол әріптестерінің атынан жеңісті жуырда ғана алапат өрттен зардап шеккен Абай өңірінің тұрғындарына арнайтынын айтты.”Бас бапкердің айтқан тактикасы бойынша ойнадық. Алғашқы 15 минут олар алға қарай жүгіреді деген оймен ойнадық. Біз жинақы ойнадық, 15-20 минуттан соң өзіміздің ойынды ойнадық. Бәрі 100 емес, 200 пайыз бар күшін салды. Соның арқасында үш апай біздікі, енді тек қана алға!”,- деді Абзал Бейсебеков. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Белфастта Солтүстік Ирландия құрамасын 1:0 есебімен ұтты. Бұл жеңіс біздің ойыншылар үшін Еуро-2024-тің іріктеу кезеңінде қатарынан үшінші жеңісі болды.