Қасым-Жомарт Тоқаев Алексей Цойды денсаулық сақтау министрі қызметінен босатты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Алексей Цой денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Бұл ақпаратты президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желі арқылы таратты. Бұл ақпаратта Алексей Цойдың қызметінен не себепті босатылғаны айтылмаған. Цойды бұл қызметке Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы маусым айында тағайындаған. Алексей Цой 2014 жылдан бері денсаулық сақтау министрінің орынбасары, Қазақстан президенті іс басқармасының медицина орталығының жетекшісі қызметтерін атқарған. Алексей Цойға дейін денсаулық сақтау министрі болған Елжан Біртанов “бюджет қаржысын талан-таражға салды” деге күдікке ілініп, үйқамаққа алынған.