Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланды

Партияның кезектен тыс XXI Съезінің шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан «Nur Otan» партиясының Төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты «Nur Otan» партиясының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс енгізген.