Қасым-Жомарт Тоқаев қос азаматтық алу деректері туралы пікір білдірді

Мемлекет басшысы мұндай заңбұзушылықтың жазасын қатаңдатуды тапсырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салған елдер тобына жатады. Бұл норма Конституциямызда бар. Алайда кейінгі уақытта тіпті шенеуніктердің арасында қос азаматтық барын анықтап жатырмыз. Бұған түсінікті себеппен тыйым салу керек. Бұл өте ауқымды проблема, себебі ұлттық қауіпсіздігімізге қатысы бар. Мұндай деректердің алдын алу керек”, – деді Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында.