Шетелдіктерге жерді сатуға заң жүзінде біржола тыйым салынады

Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты деп жазады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында. Қазақтың жері шетелдіктерге сатылмайды деп бірнеше рет айттым. Бұл мәселеге қатысты қауесеттерді тоқтату қажет. Сондықтан, шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға, жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырамын. Бұл шетелдіктердің үлесі бар заңды тұлғаларға да қатысты. Мен мұны Президенттің заң шығару бастамасы арқылы жедел түрде жүзеге асыру қажет деп шештім, деді Тоқаев.