Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова тергеу изоляторына қамалды

Атырау облыстық соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты екі айға қамауға алуға санкция берді. Енді ол сотқа дейін тергеу изоляторында болады, деп хабарлайды ulysmedia.kz. Бұған дейін ол үйқамақта отырған. Еске сала кетсек, Бақытгүл Хаменова және облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Атырауда Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасасу үшін 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.