Олар жеңіл ұшақтар мен санитарлық авиацияны қабылдайтын болады. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қайрат Нұртаев осылай деді. «Көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамыту және ықпалдастыру – 2020» бағдарламасы аясында Құрманғазы, Қызылқоға, Жылыой аудандарында үш әуежай салынады. «Нысандардың техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалды. Алғашқы әуежайдың құрылысы Қызылқоға ауданының орталығы Миялы ауылында басталады. Оның жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 72 миллион теңге қарастырылған», – деді Қ.Нұртаев.