Ұлыбританияда дәрігерлер вакцинасыз жұмысқа қабылданбайды

Қарттар үйінің қызметкерлері де екпе салдыртпаса жұмысқа тұра алмайды. Ел билігі осындай шешім қабылдамақ. Жаңа талапты ел премьер-министрі Борис Джонсон қолдап отыр. Құжат жақын арада мақұлданбақ. Айта кетейік, Біріккен Корольдікте екпе егу науқаны бір ізге қойылған. Ел тұрғындарының 80 проценті препараттың бірінші дозасын қабылдап үлгерді.