Маңғыстау облысында түйелер жем-шөптің орнына картон жеп жатыр

Желіде осындай видео тарады. Бұған қатысты профессор, Оңтүстік-батыс мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Нұрадин Әлібаев пікір білдірді. Түйелерге картон беру дұрыс емес. Бұл оларға зиян болуы мүмкін, – деді Әлібаев. “Түйелер шөлді, шөлейт жерлерге жақсы үйренген. Олар тамақ талғамайды, басқа жануарлар жемейтін азықты, әсіресе құрғақ жем түйе тікенегі, жусан, сексеуілді жей береді. Картонға байланысты, ол ағаштан алынған целлюлоза. Ол жануардың ағзасына кері әсер етеді деп айтуға келмес. Бірақ егер жануарларды дұрыс тамақтандырмаса, бұл олардың жағдайына әсер етуі мүмкін”, – деді ғалым. Оның айтуынша, жануарлардың тамағында микроэлементтер балансы болуы керек.