Атырау облысында жемқорлық туралы хабарлаған тұрғын 12 млн теңге сыйақы алды

Атырау облысында жемқорлықты әшкерелеген тұрғын 12 миллион теңге сыйақы алды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. Ол Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасарының жемқорлығын әшкерелеген. Бұл ақша параның жалпы сомасының 10%-ін құрайды. Былтыр жемқорлықты ашуға көмектескен 134 азаматқа барлығы 40,6 миллион теңге сыйақы берілген. Ең үлкен сыйақы Атырау және Қызылорда облыстарында берілді. Сыйақы жемқорлықпен ұсталған адамға сот үкімі шыққан соң беріледі. Айта кетері, жемқорлықты ашқан адамның аты-жөні құпия болып қалады. “Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы кез келген азамат 1424 телефоны бойынша Антикордың Call-орталығына хабарлай алады немесе жұмыс күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін әр аумақтық департаменттің Antikor Ortalygy-на бара алады”, – деп хабарлайды ведомство.