Атырауда мүгедек балаларды ұрған тәрбиешілер сотталды

Атырауда мүгедек балаларды ұрған тәрбиешілер сотталды. Былтыр наурызда санитар әйелдердің психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға арналған мектеп-интернаттың мүгедек балаларын ұратыны бейнебақылау камераларын тексерген кезде анықталған еді.Прокурорлар тәрбиешілер балаларды ұрып қана қоймай, оларды жұмыс істеуге мәжбүрлегенін айтты.

Алайда Атырау облысының полиция департаменті жыл бойы тергеу жүргізіп болған соң қылмыстық істі тоқтатқан. Кейін қайта қолға алынды. Нәтижесінде балаларды ұрған санитарлар 3 жыл 6 ай бас бостандығынан және 2 жылға балалармен жұмыс істеу құқығынан айырылды.