Атырауда жасөспірім қызды зорламақ болған педофил ұсталды

Атырауда ер адам 13 жастағы қызды зорламақ болған. Полиция ақпаратқа қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ал Атырау облысы Полиция департаменті мәліметінше, Авангард шағынауданында көлікті заңсыз басқарған ер адам көпқабатты үй ауласында жасырынып, 13 жастағы зорламақ болған. “Атырау Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің жедел әрекет етуі нәтижесінде ол қылмыс үстінде ұсталды. Кәмелетке толмаған адамды зорлауға оқталу дерегі бойынша тергеу басталды. Күдікті ұсталды”, – деді Полиция департаменті.