Ауған президенті Ашраф Ғани мен оның отбасын БАӘ паналатты

Ауған президенті Ашраф Ғани мен оның отбасын БАӘ паналатты. Бұл туралы БАӘ сыртқы істер министрлігі хабарлады. Министрліктің мәлімдеуінше, биліктің мұндай қадамға гуманитарлық мақсатта барған. Ашраф Ғани Ауғанстаннан 15 тамыз күні “Талибан” (Қазақстанда террористік ұйым деп танылған) Кабулды қоршауға алған тұста кеткен. Артынша Ғани Facebook-те “тәліптердің жеңгенін”, елден қантөгіске жол бермеу үшін кеткенін айтты. БАӘ – 1996-2001 тәліптер режимін мойындаған үш елдің бірі. Қалған екеуі: Сауд Арабиясы мен Пәкістан.