Ауа райына байланысты қосымша вагондар жолға шығады

Жолаушыларға қосымша 1300-ден астам орын беріледі. Жолаушылар пойызы жолда қалып қойған 400-ден астам адамды эвакуациялады, деп хабарлайды “Қазақстан темір жолы”. Бейсенбі күні республикалық маңызы бар автожолдарда шектеулер енгізілген болатын. Соған байланысты жолаушыларды қала маңындағы электр пойыздары тасымалдады.