Australian Open: Рыбакина жартылай финалға шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мельбрунде өтіп жатқан Australian Open жарысының жартылай финалына шықты. Ол ширек финалда латвиялық Елена Остапенконы 6:2, 6:4 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 20 минутқа созылды. Рыбакина әлемдік рейтингте 22-орында тұр, осы жетістігінің арқасында ол алдағы аптада ТОП-15 теннисшінің қатарына енеді. Ал Остапенко қазір әлемнің 17-ракеткасы. Рыбакина – Australian Open турнирінің жартылай финалына шыққан алғашқы қазақстандық теннисші. Ол былтыр Лондонда өткен Wimbledon жарысында жеңімпаз атанып, Grand Slam жарыстарында жекелей сында жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық теннисші болған.