Автокредит бағдарламасына бюджеттен қосымша қаржы бөліне ме – министр жауап берді

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жеңілдетілген автокредит бағдарламасына бюджеттен қосымша ақша бөлу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Жамаубаев ондай өтінім әлі түспегенін жеткізді. “Қазір республикалық бюджеттен осы бағдарламаға бір тиын да жұмсалып жатқан жоқ. Барлығы – бұрынғы Оператор РОП-та жиналған ақша. Соны бұрып жатырмыз. Ал республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлу туралы өтінім түскен жоқ”, – деді Жамаубаев.