Қазақстан азаматтары Тайландқа 30 күн визасыз кіре алады

Таиланд пен Қазақстан арасындағы визасыз режим осы жылдың 25 қыркүйегі мен келер жылдың 29 ақпаны аралығында қолжетімді. Мұндай режимді Тайланд билігі мақұлдады. Елдің Туризм және спорт министрінің айтуынша, елдегі кірісті арттыру жоспарланып отыр. Туристердің саны 30 пайызға өседі деген үміт бар. Айта кетері, Қытай азаматтары үшін де визасыз режим енгізілді.