Қазақстан бүгіннен бастап Мысырмен арадағы әуе қатынасын тоқтатты

Енді ол жақта қыдырып, демалып жүргендерді кезең-кезеңімен елге жеткізіледі. Себеп – Коронавирустың жаңа штамының таралуы. Төрткүл дүниеден туристер ағылатын бұл елде, қазір бүкіл әуежайлар қатаң бақылауға алынып, онда әскер мен дәрігерлер кезекшілікке кіріскен. Мейманханалардан да кісі аяғы арыла бастады. Өйткені полиция бөлме-бөлмені аралап, кейбір қонақтарды тестілеуден өтуге міндеттеп жүр.  Египет билігі індеттің кезекті толқынына тас-түйін дайын отырғанымен, коронавирустың жаңа түрі тосын жаңалық болды