Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттардың есімі белгілі болды

Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттардың есімі белгілі болды. Сайлауға Ассамблеяның 351 мүшесі қатысты, барлық тоғыз кандидат 50%-тен астам дауыс жинады деп хабарлайды Sputnik. “Комиссия жұмысын аяқтады, дауыс беру пункті жабық деп жарияланды. Төрт бюллетень жарамсыз деп танылды. Адам қатысқан, бірақ ешкімге дауыс бермеген. Мұндай бюллетень жарамсыз деп саналады”, – деді Нұр-Сұлтан қаласы сайлау комиссиясының төрайымы Бақыт Бектемісова. Үміткерлердің ішінде ең көп 298 дауыс жинаған – Мәжілістің VІ шақырылымының депутаты Сауытбек Әбдірахманов.