Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады

Ресей өз аумағына Қазақстан азаматтарының кіруіне рұқсат берді. Шектеу коронавирустың таралуына байланысты енгізілген. “Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Корея елдерінің азаматтарына және осы елдерде тұруға ықтиярхаты барларға Ресейге әуе өткізу пунктері арқылы кіруге рұқсат етіледі. Ресейліктер де бұл елдерге емін-еркін бара алады”, – делінген Ресей үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратта. Рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады. Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы 21 қыркүйекте жанданады.