Қазақстан мен Түркия арасындағы әуерейстері 27 тамыздан бастап жанданады. Жолаушылар рейстеріне салынған шектеулер алынып тасталады деп хабарлады азаматтық авиация комитетінің өкілдері. Осыған дейін пандемияға байланысты, түрік тарапы 5 тамыздан бастап Қазақстаннан Түркияға жолаушылардың кіруіне шектеулер енгізген болатын.