Алматы-Қорғас тасжолында әскери қызметкер жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Алматы-Қорғас тасжолында әскери қызметкер жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Минивэн жүргізушінің айтуынша, кенеттен жолға жүгіріп шыққан адамды соңғы сәтте ғана байқаған. Ол жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оның денесін капотының үстінде шамамен 50 метрге дейін апарған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жүргізуші жақын маңдағы бұталардың арасына тығылып қалған, бірақ кейін тәртіп сақшылары келгенде көлігінің жанына келіп, болған жағдайды айтып беріпті. Анықталғандай, жүргізуші әскери қызметкер екені және Заречный ауылындағы колонияда жұмыс істейтіні белгілі болды. Іс әскери полицияға тапсырылды.