Қазақстан мен Түркия арасындағы әуерейстері 27 тамыздан бастап жанданады

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуерейстері 27 тамыздан бастап жанданады. Жолаушылар рейстеріне салынған шектеулер алынып тасталады деп хабарлады азаматтық авиация комитетінің өкілдері. Осыған дейін пандемияға байланысты, түрік тарапы 5 тамыздан бастап Қазақстаннан Түркияға жолаушылардың кіруіне шектеулер енгізген болатын.