Қазақстан шенеуніктері мен олардың отбасына шетелден шот ашуға тыйым салынады

Қазақстан шенеуніктері мен олардың отбасына шетелден шот ашуға тыйым салынады.
Қаржы министрлігінің басшысы, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жоспарын жаңартып, оффшорлық юрисдикцияларға ақша аударымдары бойынша заңнаманы жетілдіретіндігін айтты. Соның ішінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі қаржылық шараларды әзірлеу тобының ұсынысы бойынша мемлекеттік қызметкерлер мен квазимемлекеттік сектордың тұлғалары үшін шетелдік шоттарды ашуға және олардың болуына тыйым салу жоспарлануда.