Қазақстан утилизациялық алымның жаңа ставкалары қанша теңге болатынын анықтады.

Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Ертең автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникаларына утилизациялық алым ставкалары жарияланады”, – деді министр үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.