Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың бұйрығымен сүзгiсi бар, сүзгiсiз темекілердің, папиростардың минималды бөлшек сауда бағасы белгіленді. Биыл 30 маусымға дейін елде бір қорап темекінің ең төменгі бағасы 550 теңге болады. Ал 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанға дейін бір қорап темекі – 570 теңге; 2023 жылдың 1 қаңтарында – 600 теңге. Бұйрық 1 наурыздан бастап күшіне енеді.