Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов теңге бағамы туралы айтты

Ол доллардың теңгеге шаққандағы бағамының тұрақсыз жағдайына байланысты қазақстандықтарға кеңес берді. “Менің жеке пікірім, қазір асығыс әрекет жасаудың қажеті жоқ. Оқиғаларды қадағалап отыру керек. Қазір бағам құбылмалы болуы мүмкін. Сол себепті асығыс әрекет жасамаған дұрыс. Оқиғалар қалай өрбитінін бақылау керек. Менің ойымша, айырбас бағамы жақын арада тұрақтанып, тепе-тең мәндерге оралады”, – деді Жақсылықов мәжіліс алаңында.