Қазақстанда 1 наурыздан бастап темекі қымбаттайды

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың бұйрығымен сүзгiсi бар, сүзгiсiз темекілердің, папиростардың минималды бөлшек сауда бағасы белгіленді. Биыл 30 маусымға дейін елде бір қорап темекінің ең төменгі бағасы 550 теңге болады. Ал 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанға дейін бір қорап темекі – 570 теңге; 2023 жылдың 1 қаңтарында – 600 теңге. Бұйрық 1 наурыздан бастап күшіне енеді.