Қазақстанда 1938 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 20 адам қайтыс болды

Қазақстанда тағы 1938 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды: 1921-інің коронавирус тесті оң шыққан, 17 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Тағы 20 адам өлімі тіркелді: 18 адам – коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады. 2020 жылдың наурыз айынан бері 255 028 адамның коронавирус тесті оң шықты. Содан бері 3110 адам қайтыс болған.