Қазақстанда 3D сот сараптамасы енгізілуі мүмкін.

Қазақстанда 3D сот сараптамасы енгізілуі мүмкін. Елдің Әділет министрлігі эксперименттік шара ретінде томографтың көмегімен 3D-аутопсияны енгізуді жоспарлап отыр. BAQ.KZ. Техникалық тұрғыдан алсақ шығыны аз емес, сондықтан еліміздің барлық өңірінде бірден қолдану қиынға соғады. 3D аутопсия кезінде денеге пышақ тимей адам өлімінің негізгі себебі анықталады. Зерттеу барысында оның ішкі ағзаларына зақым келмейді, – деп хабарлады Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің провосты Сергей Пен. Заң жобасы мәжіліске енгізілді. Жыл сайын Қазақстанда 30 мыңға жуық аутопсия жүргізіледі.