7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол үшін Қылмыстық кодекске жаңа 217-бап енгізіліп жатыр. Мәжіліс депутаты Юрий Ли осылай деп мәлімдеді. Депутат Дания Еспаева бұл өзгерістер блогерлер, вайнерлер және басқа да қоғамдық пікір көшбасшылардың жарнамадағы айла-шарғысының алдын ала ма деп сұрады. Депутат Юрий Ли: заң жобасына жаңа бап енгізілгеннен кейін адамдардың белгілі бір қаржылық өнімдерді жарнамалау кезінде әлдеқайда сақ және жауапты болады,- деді. Қаржы пирамидаларын жарнамалаған азамат бірінші бөлімге сәйкес, 2000 АЕК (2022 жылы 6 миллион 126 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салу немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту және шектеу, екі жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жазалануы мүмкін. Ал 4-бөлігі бойынша, Қылмыстық жаза мүлікті тәркілей отырып 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру болуы мүмкін.