Елімізде жалған мемлекеттік нөмірмен жүргендер жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін

Ұсынылған норма Парламент Мәжілісі екінші оқылымда мақұлдады. Мәжіліс депутаты Нәзила Раззақтың айтуынша, жүргізуші куәлігінен айырылып қана қоймай, бес тәулікке қамауға алынуы мүмкін.Айта кетейік, кезінде көлікті мемлекеттік нөмірсіз жүргені үшін, көлікке жалған мемлекеттік нөмір орнатқаны үшін айыппұл ғана салынатын. Одан бөлек, мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарына бағынбағандарға әкімшілік жауапкершілікті күшейту көзделген.