Қазақстанда байланыс сапасы үшін операторларға салынатын айыппұл 10 есе өсті

Бұл туралы Цифрлық даму министрлігі хабарлайды. Егер операторлар стандарттарға, техникалық нормалар мен сапа көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін байланыс қызметін көрсетсе жауапқа тартылады. Министрлік пен депутаттық корпус опреаторлардың жауапкешілігін күшейтуге бағытталған шаралар әзірледі. Енді заңбұзушылықтар анықталған жағдайда байланыс операторларына 100 АЕК орнына 1000 АЕК айыппұл салынады, ал бір жыл ішінде қайталап заң бұзса, айыппұл сомасы 200-ден 1500 АЕК-ке дейін өседі”, – делінген хабарламада.