Қазақстанда бес жоғарғы оқу орыны жабылды

Елімізде талапқа сай болмай шыққан 5 жоғары оқу орыны жабылды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады. Ал 25 жоғары оқу орны 60 мамандық бойынша лицензиясынан айырылды. Сонымен қатар бұдан былай жыл сайын университет пен институт ректорлары қаржылық-шаруашылық қызмет пен ғылыми-зерттеу, оқыту жұмыстары жөнінде халық алдында есеп беретін болады. Вице-министр Мирас Дәуленов осылай деді. Енді жоғары оқу орындары деңгейі бойынша 4 санатқа бөлінеді: халықаралық, ұлттық, өңірлік және салалық. Жалпы университет пен институттардың академиялық дербестігі 85 процентке дейін кеңейтілді. Айта кеткен жөн, елде қазір 128 жоғары оқу орны бар. Оның 56-сы мемлекеттік болса, 72-сі жеке меншік.