Өткен тәулікте Қазақстанда 1033 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде індет белгілері бары – 350, симптомы жоқтары – 683.
Бұл бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш. Өткен тәулікте коронавирустан 259 адам жазылып, 7 адам қайтыс болды. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 21 717-ке жетті.
Емделіп шыққаны – 9647, қайтыс болғаны – 88.