Нұрлан Нығматулин коронавирус жұқтырып алды

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус жұқтырды, – деп хабарлайды Авторадио Қазақстан.

9 және 11 маусымда ол коронавирус жұқтырған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қабылдаған. 16 маусымда Нығматулин кезекті тестілеу өткізді. Өкінішке қарай, сынақ оң нәтиже көрсетті. Бұл ретте диагноз белгісі жоқ деп қойылған.

Мәжіліс төрағасы қашықтан, өзін-өзі оқшаулауда жұмыс істеуін жалғастырып жатыр. 17 маусымға жоспарланған Мәжілістің жалпы отырысын оның орынбасары өткізеді.