Өткен тәулікте Қазақстанда 1348 адамнан коронавирус табылды: ауру белгісі байқалған – 465 науқас, ауру белгісі жоқ 883 адам анықталған. Бір күнде 338 адам жазылып, 4 адам қайтыс болды.
Қазақстанда симптомы жоқ “тасымалдаушыларды” қоса есептегенде 33 310 адамнан коронавирус анықталған. 19 750-і – “симптомы бар” науқас, 13 560-ы – “симптомы жоқ” тасымалдаушы. Эпидемия басталғалы бері 12 220 адам жазылып шығып, 140 адам қайтыс болды.